1 қазан – Халықаралық қарттар күні салт-дәстүрге тағзым ету, қарттарды құрметтеу және қастерлеу, қарттардың сіңірген еңбегін, мемлекет дамуына қосқан сан қырлы үлесін мойындаудың белгісі ретінде тойланады.
Қазақстандықтардың әрбір жаңа ұрпағы ағаларының даналығынан, тәжірибесінен, адамгершілік қасиеттерінен сабақ алады. Бұл – жанның жомарттығы мен адамдық парасат пен азаматтың кемелдігіне деген құрмет.
2023 жылдың 31 қазанында қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы аясында «№12 орта мектеп» КММ ұжымы мен оқушылардың өзін-өзі басқарудың өкілдері «Надежда» қарттар үйіне концерттік бағдарламамен барды.