2024 жылдың 26 қаңтарында «№ 12 орта мектеп» КММ «Мектеп ортасындағы жанжалды жағдайларды алдын алу» тақырыбында қалалық семинар өтті.
2024 жылдың 26 қаңтарында «№ 12 орта мектеп» КММ «Мектеп ортасындағы жанжалды жағдайларды алдын алу» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға қала мектептерінен сынып жетекшілері қатысты.Семинар білім саласындағы дауларды шешудің өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе мен пікір алмасуға арналған диалог алаңы қызметін атқарды. Семинардың мақсаты: қақтығыстардың себептері, олардың жіктелуі, оларды шешу жолдары мен тәсілдері туралы мұғалімдердің идеяларын дамыту; қақтығыстардың себептерін анықтау және оларды шешу жолдарын табу қабілетін дамыту. Тапсырмалар: өмірлік жағдайларды мысалға ала отырып, қақтығыстардың пайда болу процесі туралы түсініктерді қалыптастыру, конфликттік жағдайлардың алдын алу және адекватты шешу мәселелері бойынша мұғалімдердің психологиялық құзыреттілігін арттыру арқылы конструктивті қарым-қатынастарды құруға ықпал ету.