№12 ОМ КММ жанындағы мектепке дейінгі шағын орталығында «Бірыңғай тәрбиелеу бағдарламасын» жүзеге асыру жоспары бойынша «Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты мақал-мәтелдер сайысы мен жұмбақтар кеші өтті.

Мақсаты: Балаларды жұмбақ шешуге, екі тілде мақал-мәтелдерді меңгеруге үйрету, балалардың сөздік қорын кеңейту және белсендіру.
Байқау барысында балаларды көркем әдебиеттің Мақал-мәтел, Нақыл сөздер, Тіл бұрау сияқты жанрларымен таныстырды. Оқытудың көрнекі, ауызша және практикалық әдістері белсенді қолданылды, иллюстрациялар, қызықты әңгімелер мен шағын практикалық жаттығулар дайындалды, онда балалар алған дағдылары мен білімдерін бекітті. Сондай-ақ интерактивті технологиялар, мобильді мұқабалар арқылы белгілі мақал-мәтелдер көрсетілді. Сонымен қатар, жас ұрпақтың кітапқа, жалпы көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту, кітапқа қамқорлық жасау жолдары мен олармен өзін-өзі ұстау ережелері бойынша жұмыстар жүргізілді.
Просмотров: 112
Комментарии